Елімізде
Қар, боран, көктайғақ: Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қараша, 2025
- 837
Атлантикалық циклонның өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран күтіледі.
"Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ пен боран болады деп болжануда. Тек ҚР-ның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.






