жұма, 10 сәуір, 2026 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қар және бұршақ күтіледі": Демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Қар және бұршақ күтіледі": Демалыс күндері ауа райы қандай болады
istockphoto.com
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің болжамынша, тұрақсыз ауа райы циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты орын алуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Ал солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр мен қар), ал күндіз жаңбыр жауады.

11 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығыс аймақтарында қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар, 11 сәуір күні елдің батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, көріну деңгейі төмендейтінін де ескертеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар