"Қар жаууы мүмкін": Қазгидромет Қазақстан бойынша күзге арналған ауа райы болжамын жариялады
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қыркүйек, 2025
- 7.5k
Күз – жылдың ең құбылмалы мезгілдерінің бірі. Бұл кезеңде салқындау, жиі жауын-шашын, тұман мен үсік күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазгидромет» ұсынған 2025 жылғы қыркүйек–қараша айларына арналған консультативтік болжамға сәйкес, Қазақстан аумағында ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері әр өңірде әртүрлі болады.
Қыркүйек
Күздің алғашқы айында елдің басым бөлігінде орташа айлық температура қалыпты деңгейде болады.
Батыс өңірлерде және солтүстік-батыстың жекелеген аймақтарында температура нормадан 1°С жоғары;
Солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыста нормадан 1°С төмен күтіледі.
Норма:
Қазақстанның көп бөлігінде +10...+16°С;
Оңтүстік аймақтарда +17...+21°С;
Таулы өңірлерде +4...+9°С.
Жауын-шашын мөлшері негізінен қалыпты деңгейде болады. Дегенмен, Маңғыстау, Ұлытау, Қызылорда облыстарында, Түркістан облысының көп бөлігінде, Ақтөбе мен Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының батысында және Жамбыл облысының солтүстік-батысында нормадан төмен күтіледі.
Қазан
Бұл айда үсік жүру ықтималдығы артады. Орташа айлық температура республиканың көп бөлігінде нормаға сәйкес, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 1°С жоғары болады.
Норма:
Елдің басым бөлігінде +3...+9°С;
Оңтүстігінде +10...+14°С;
Таулы аймақтарда -1...+2°С.
Жауын-шашын мөлшері көбіне қалыпты болады. Ал солтүстік-батыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыстың тау және тау етегіндегі аудандарында нормадан көп түседі деп болжануда.
Қараша
Күздің соңғы айында республика аумағының көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1–2°С жоғары болады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шамамен нормаға сәйкес күтіледі.
Норма:
Қазақстанның басым бөлігінде -7...+1°С;
Оңтүстік өңірлерде +2...+7°С.
Жауын-шашын мөлшері негізінен нормаға жақын. Бірақ оңтүстік-батыс, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарда, сондай-ақ Алматы облысының солтүстігі мен Жетісу облысында нормадан аз болуы ықтимал.
2025 жылғы күз Қазақстанда әдеттегідей құбылмалы болмақ. Қыркүйекте жылы күндер мен алғашқы салқын түні, қазанда үсік пен жауын-шашын, ал қарашада бірқалыпты жылылық пен құрғақшылық байқалады. Мамандар тұрғындарға күзгі маусымға дайын болып, ауа райының өзгерістерін ескеруді ұсынады.






