жұма, 30 қаңтар, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар жауып, көктайғақ болады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қар жауып, көктайғақ болады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
30–31 қаңтар күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл көлдері ауданында жел екпіні кей уақыттарда 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі, кей өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында тұманмен қатар жаяу бұрқасын болжанып отыр.

Солтүстік өңірлерде – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, аздаған қар және қатты жел күтіледі. Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларында да ауа райы қолайсыз болады.

Орталық және шығыс аймақтарда (Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары) түнгі және таңғы уақыттарда тұман басым.

Оңтүстік өңірлерде – Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және таулы аудандарда қар жауады. Жел екпіні кей жерлерде 20–25 м/с-қа дейін жетеді.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға, алыс сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы болжамын ескеруге шақырады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар