сейсенбі, 24 наурыз, 2026 1:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Қарағандыда көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға Крылов көшесіндегі бес қабатты үйдің 5-қабатында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын пәтер ішіндегі тұрмыстық заттарды, жиһазды, пластикалық терезе блогын және балконның ағаш құрылымдарын шарпыған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 10 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жетіп, құтқару жұмыстарын дереу бастады. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 3 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа уақытта оқшауланып, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар