жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаржы министрлігі: Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені құрады

Қаржы министрлігі: Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені құрады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Министрліктің дерегінше, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол өткен жылғы деректермен салыстырғанда өсу қарқыны 116 пайызды немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3 пайызға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар