жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада «Сергектің» орнына жасанды интеллект камералары орнатылады

Астанада «Сергектің» орнына жасанды интеллект камералары орнатылады
Pixabay.com
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді

Астанада «Сергек» бейнебақылау жүйесінің орнына жасанды интеллектке негізделген жаңа жоба іске қосылады. Жаңа камералар осы жылдың желтоқсан айында орнатылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жобаны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясы жүзеге асырады. Жоспар 2030 жылға дейін есептелген. Ол аясында 22 мың бейнебақылау камерасы, 1202 аппараттық-бағдарламалық кешен, сондай-ақ 35 түрлі бейнеаналитика және жол қозғалысы ережелерінің 15 түрін бұзуды тіркеу жүйесі енгізіледі.

Әкімнің айтуынша, жаңа камералар қалада жыл соңына дейін орнатылады.

"Келісімшартқа сәйкес, компания бұл кезеңді жыл соңына дейін аяқтауы керек. Қолданыстағы камераларға қосымша 20 мыңнан астам жаңа камера орнатылады. Желтоқсанда жұмыстарды толық бітіруді жоспарлап отырмыз", – деді Қасымбек Алматы ауданы тұрғындарымен есепті кездесуінде.

Айта кетейік, 12 наурызда 2017 жылы «Сергек» жүйесін енгізген «Коркем Телеком» компаниясымен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа, жасанды интеллект технологиясын қолданатын жүйені іске қосу туралы шешім қабылданды. Жаңа жүйе деректерді нақты уақытта талдап қана қоймай, көлік қозғалысын басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырмақ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар