Астық экспорты 58,4 пайызға артты: Қазақстан дәнді дақылдар нарығында көш бастап келеді
- авторБақытжан Бекболат
- 16 шілде, 2025
- 496
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 10 шілдесіне дейін Қазақстанның жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық.
Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан – 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан – 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан – 238 мың тонна (+96%), Иран – 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан – 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).






