Елімізде
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға құттықтау жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025
- 734
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
"Артығымен есептелген": Жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






