Елімізде

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.