Елімізде

Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі Юрий Аравин өмірден өтті

«Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері Аравин ұлттық фольклорды зерттеу бағытында ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, қазақ музыкасына арналған телерадио бағдарламалар жасаған.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Юрий Аравин қазақ музыкасы мен халық композиторларының шығармашылығына арналған көптеген телерадио бағдарламаны дайындаған. Ол қазақ фольклорын терең сүйіп, ұлттық музыканың байлығын тыңдарманға жаңаша қырынан таныта білген талантты музыкатанушы болды.