Елімізде
Қазақстанға Сербия Президенті ресми сапармен келеді
- авторБақытжан Бекболат
- 25 ақпан, 2026
- 268
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.
Келесі мақала
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Алаяқтық: Бас прокуратура киберқауіптің жаңа 18 түрін анықтаған
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 сәуір, 2026






