Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жеткен.
2026 жылғы 2 наурызда Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
"Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.





