Қазақстан – әлемдегі ең арзан бензин сататын елдердің бестігіне кірді
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қыркүйек, 2025
- 395
Numbeo порталының 14 қыркүйектегі дерегіне сәйкес, Қазақстан жанармай бағасы бойынша 127 елдің ішінде бесінші орында тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елде бензиннің орташа құны литріне 0,46 долларды құрайды. Қазақстаннан арзан жанармай тек Ливияда, Мысырда, Кувейтте және Алжирде ғана сатылып отыр. Ал ең қымбат бензин Мьянма, Гонконг және Исландияда тіркелген.
ТМД елдерінің ішінде ең арзан бензин де – Қазақстанда. Мысалы, Әзербайжанда литрі 0,67 доллар, Ресейде – 0,72 доллар, Беларусьта – 0,76 доллар, Қырғызстанда – 0,82 доллар, Өзбекстанда – 0,98 доллар, Тәжікстанда – 1,11 доллар, Арменияда – 1,36 доллар, Украинада – 1,38 доллар, ал Молдова астанасы Кишиневте – 1,44 доллар.
Қалалар бойынша рейтингте Астана мен Алматы үздік ондыққа енді. Астанада бензин литріне 0,46 доллар болса, Алматыда – 0,48 доллар. ТМД елдерінде ең қымбат көрсеткіш Кишиневте тіркелді. Дүниежүзінде жанармайдың ең жоғары бағасы Гонконг, Рейкьявик және Амстердамда, ал ең арзаны Триполи, Алжир, Александрия, Каир және Эль-Кувейт қалаларында байқалды.






