Қазақстан транзиттен жылына 5 трлн теңге табыс таба алады – министр
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты
Қазақстан өз транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жыл сайын кемінде 5 трлн теңге табыс табуға қауқарлы. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.
Министрдің мәліметінше, теміржол, автожол және авиация бағытында іске асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар ұлттық экономиканың дамуына тың серпін береді. Соның ішінде «Достық – Мойынты» теміржол желісін кеңейту жобасы толық ақталып қана қоймай, ел экономикасына елеулі пайда әкелмек. «Қазақстан темір жолы» компаниясының болжамына сәйкес, 2035 жылға дейін бұл бағыттан 4,4 трлн теңге көлемінде табыс түсуі мүмкін.