Елімізде

Қазақстанда 2026 жылға арналған зейнетақы мөлшерлері бекітілді

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер өседі.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен бірқатар әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Үкімет жасына байланысты және еңбек өтілі үшін тағайындалатын зейнетақыларды 10%-ға арттыруды бюджетке енгізді.

2026 жылға негізгі көрсеткіштер:

Ең төменгі жалақы бұрынғы деңгейде қалады — айына 85 000 теңге.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 69 049 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

АЕК 4325 теңгеге дейін өседі (осы көрсеткішке сүйене отырып жәрдемақылар, айыппұлдар және мемлекеттік баждар есептеледі).