Қазақстанда 2029 жылға қарай жүк тасымалының көлемін екі есеге арттыру жоспарлануда
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында баяндады.
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру аясында 2029 жылға қарай жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz