Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауып, кей жерлерде қалың қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында қалың қар жауады деп күтілуде. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей уақыттарда жаңбыр мен қар аралас күшті жауын-шашын болуы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Солтүстік аймақтарда боран соғу қаупі бар.
Сонымен қатар, көптеген облыстарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Батыс өңірлерде түнгі температура 15–28 градус аяздан 6 градус аяз бен 2 градус жылуға дейін көтерілсе, күндіз 2–13 градус аяздан 0–10 градус жылуға дейін жылынады.
Оңтүстік-батыста түнде 8–16 градус аяздан 6 градус аяз бен 2 градус жылуға дейін, ал күндіз 0–8 градус аяздан 5–13 градус жылуға дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 22–33 градус аяздан 2–10 градус аязға дейін жоғарылайды. Күндіз 15–20 градус аяздан 2 градус аяз бен 3 градус жылуға дейін жылы болады.
Солтүстік өңірлерде түнде 15–33 градус аяздан 10–23 градус аязға дейін жұмсарып, күндіз 15–25 градус аяздан 0–7 градус аязға дейін көтеріледі.
Орталық Қазақстанда түнгі температура бастапқыда 2–15 градус аяздан 15–30 градус аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 10–21 градус аязға дейін қайта жоғарылайды. Күндіз 2–15 градус аяздан 10–20 градус аязға дейін суытып, 12 наурызда 0–10 градус аязға дейін жылынады.
Шығыс өңірлерде түнде 0–8 градус аяздан 15–30 градус аязға дейін төмендеу байқалса, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылудан 3–18 градус аязға дейін суытады.
Оңтүстік аймақтарда түнде 2–21 градус аяздан 7–23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 13 градус аяз бен 5 градус жылудан 0–5 градус жылуға дейін өзгереді.
Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 11 градус аяз бен 5 градус жылудан 10–28 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 6 градус аяз бен 7 градус жылудан 0–15 градус аязға дейін суытады.
Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға сақ болуды, жолда абай жүруді және ауа райы болжамдарын қадағалап отыруды ұсынады.





