Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 17:30
- 26
Биылғы жылдың басынан бері елімізде 50 мыңнан астам адам банкрот деп танылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал банкрот деп танылған қазақстандықтардың жалпы қарызы 188 млрд теңгеге жеткен.
Бұл туралы ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жалғасуда.
«2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастау; борышкердің себептерін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы; банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, оның ішінде кредиттік бюролар базасында көрсетілмеген барлық міндеттемелерін тоқтату қарастырылған бірқатар түзетулер қабылданды», - деді спикер.
Сонымен қатар, Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлардан шығару, сондай-ақ борыштары 1600 АЕК-ке дейінгі борышкер азаматтар үшін банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту бойынша түзетулер қаралуда.





