Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атмосфералық фронттардың өтуі салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.
Синоптиктердің хабарлауынша, ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде айтарлықтай төмендейді. Түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C аралығында болады деп күтілуде. Ал басқа өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз қалады.
Мамандар жолда абай болып, ауа райының қолайсыз жағдайларында сақтық шараларын сақтауға шақырады.