Елімізде

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: аптап ыстық пен қолайсыз ауа райы күтіледі

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

11 тамызда Қазақстанда аптап ыстық, күшті жел, найзағай, жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірқатар өңірлерде өрт қаупінің жоғары және өте жоғары деңгейі сақталады, кей жерлерде ауа температурасы +40 °C-қа дейін көтеріледі.

Абай облысы – оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысы – күндіз батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін.

Ақтөбе облысы – солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, жел 20 м/с-қа дейін. Батысы мен шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде – өте жоғары. Ақтөбеде найзағай, бұршақ, дауыл, жел 18 м/с-қа дейін.

Алматы облысы – солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 15–20 м/с. 11–13 тамызда күндіз +35…+38°С. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Қонаевта – өте жоғары. Алматыда +38°С-қа дейін ыстық және өрт қаупі жоғары.

Атырау облысы – батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай, жел 20 м/с-қа дейін. Шығысында өрт қаупі өте жоғары, басқа аймақтарында – жоғары. Атырауда түнде және таңертең найзағай, өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы – жел 20 м/с-қа дейін. Оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары. Таразда +38°С-қа дейін ыстық және өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысы – шығысында шығыстан соққан жел 15–20 м/с. Батысы, солтүстігі және орталығында өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – түнде батысы мен солтүстігінде найзағай, өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысы – түнде және таңертең шығысында тұман. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысы – оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, жел 20 м/с-қа дейін. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Қостанайда найзағай.

Қызылорда облысы – солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, жел 25 м/с-қа дейін, +40°С-қа дейін ыстық. Оңтүстігінде – өрт қаупі өте жоғары, солтүстігінде – жоғары. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, +40°С-қа дейін ыстық, өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысы – түнде және таңертең тұман.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысы және Шымкент – күндіз +40°С-қа дейін ыстық, өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау облысы – күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай, жел 20 м/с-қа дейін, +36°С-қа дейін ыстық. Оңтүстігінде – өрт қаупі өте жоғары, орталығында – жоғары. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары.