Қазақстанда геологиялық зерттеулерді жетілдіру үшін зертхана салу жоспарлануда
Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.
Қазақстанда геологиялық зерттеулерді жетілдіру мақсатында заманауи зертханалық кешен салу жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ұлттық геологиялық қызмет» базасында құрылатын жаңа кешен геологиялық талдаулардың сапасын арттыруға арналған.
Жобада зертханадан бөлек, қорларды сақтау және керн қоймаларына арналған ғимараттар да қарастырылған. Мұның арқасында елімізде біртұтас геологиялық деректер базасын қалыптастыру мүмкіндігі туады.