жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда тамақ өнімдерінің өндірісі артты

Қазақстанда тамақ өнімдерінің өндірісі артты
Pixabay.com
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылғы қаңтар–мамыр айларындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда негізгі азық-түлік түрлерін өндіруде оң динамика байқалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сиыр еті өндірісі 133,6 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артты. Құс еті өндірісі 6,1%-ға өсіп, 157,7 мың тоннаға жетті.

Сүт өңдеу саласында да өсім байқалады: сүт өндірісі 3,9%-ға артып, 273,5 мың тоннаны, айран – 5,4%-ға өсіп, 37,1 мың тоннаны, сары май – 12,7%-ға көбейіп, 15 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасы 1,79 млрд дана көлемінде өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға көп.

Дәнді және майлы дақылдар өнімдері сегментінде айтарлықтай өсім тіркелді. Бидай ұны өндірісі 6,5%-ға артып, 1438,3 мың тоннаны, қарақұмық жармасы – 19,4%-ға (10,7 мың тонна), макарон өнімдері – 7,8%-ға (63,7 мың тонна) жетті.

Күнбағыс майы өндірісі 21,7%-ға өсіп, 334,5 мың тоннаны, күріш өндірісі 21%-ға артып, 84,5 мың тоннаны құрады.

Қант өндірісі 10 есеге артып, өткен жылғы 6,1 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін өсті. Тұз өндірісі 6,1%-ға өсіп, 169,3 мың тоннаны құрады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар