жексенбі, 5 сәуір, 2026 22:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтайды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтайды
istockphoto.com
2026 жылғы 9 қаңтарда Құрылыс кодексіне қол қойылып, соның негізінде бірқатар заңнамалық түзетулер енгізілген.

Аида Балаева жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысты маңызды өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, 2026 жылғы 9 қаңтарда Құрылыс кодексіне қол қойылып, соның негізінде бірқатар заңнамалық түзетулер енгізілген.

Осы өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 27 наурыздағы бұйрықпен «жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру» қағидалары күшін жойды. Нәтижесінде аталған тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылатын болды.

Ал босайтын тұрғын үйлерді әрі қарай пайдалану мәселесі тұрғын үй заңнамасына сәйкес және белгіленген кезек тәртібімен шешіледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар