Елімізде

Қазақстанда жас сарбаз қаруымен бірге әскери бөлімнен қашып кеткен

Қазір жас сарбаз өз әскери бөліміне қайтарылған

Бүгін Атырау гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде жас сарбаз қолындағы қаруымен бірге әскери бөлім аумағынан қашып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қолында қаруы бар әскер қалада қашып жүргені, оны ұстау үшін қосымша күш қажет болғаны хабарланған еді. Алайда, Атырау гарнизонының баспасөз қызметі әскер қысқа уақыт қана әскери бөлім аумағынан шығып кеткенін хабарлады.

«2024 жылдың 8 мамырында Атырау гарнизонына қарасты әскери бөлімдерінің бірінен жас сарбаз өзіне бекітілген қаруымен бірге әскери бөлім аумағынан қысқа уақытқа шығып кеткен», - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат таратылмай отыр.