жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық астық 80 елге экспортталады

Қазақстандық астық 80 елге экспортталады
Pixabay.com
Қазақстанның 15 өңірінде егін жинау науқаны жүріп жатыр: 6 млн тоннадан астам астық бастырылды, бұл егістік көлемінің шамамен 30%-ын құрайды.

Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олжас Бектеновтің айтуынша, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі екі есеге ұлғайғандықтан, фермерлер егін егу науқанын табысты аяқтады.

Премьер-министр жаңа өнімді сақтауға қажетті қойма қуаттылығы жеткілікті екенін атап өтті. Үкімет экспорт географиясын кеңейтіп келеді – қазақстандық агроөнімдер бүгінде әлемнің 80 еліне жеткізіледі. Оның ішінде экспорттың 52%-дан астамы жоғары қосылған құны бар тауарларға тиесілі. Салада жаңа агротехнологиялар енгізілуде: соңғы екі жылда тыңайтқыштарды пайдалану көлемі екі есеге артқан. Сондай-ақ техника паркін жаңартуға мән берілуде: 160 млрд теңгеден асатын сомаға 7 мың ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу бойынша лизингтік келісімшарттар жасалды. Мал шаруашылығы да дамып келеді: 3,5 мыңнан астам отандық кәсіпорын шетелдік импорттаушылардың тізіміне еніп, жаңа экспорттық нарықтарға жол ашты.

Солтүстік Қазақстанда бидайдан глютен мен биотопливо өндіріледі, Алматы облысында крахмал мен оның туындылары шығарылады. Жақын уақытта Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Астанада жаңа жобалар іске қосылады. Олар лизин, биоэтанол, глюкоза-фруктоза шәрбаты және өзге де өнімдер өндіретін болады.

2024 жылы Қазақстанда 26,7 млн тонна дәнді және бұршақты дақыл жиналып, соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар