Қазақстандық су саласының мамандары Қытайға оқуға аттанды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық су саласының төртінші тобы Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуді бастады. Осылайша биыл Қытайда оқудан өткен мамандардың жалпы саны 125 адам болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Курстар қабылдаушы тараптың есебінен ұйымдастырылып, оқыту процестері Power China компаниясының кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастыруға келісім жасағанын еске сала кетейік. 2026 жылы Қытайда 200 қазақстандық маман білімін жетілдіреді деп күтіліп отыр.