жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін грантты қалай ала алады

Қазақстандықтар бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін грантты қалай ала алады
Pixabay.com
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді

11 тамыздан бастап Қазақстанда жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған гранттардың екінші легіне өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл 4873 грант бөлінбек. Әрқайсысының көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және тек бір рет алуға болады. Қаражат жаңа кәсіпті бастауға, өндіріс жолға қоюға, тұрақты табыс көзіне айналдыруға бағытталған.

Өтінім беру тәртібі:

Business.enbek.kz порталына тіркелу

Грант алу талаптарына сәйкестігіңізді тексеру

Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, толтырып порталға жүктеу

ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қою

Интернетке немесе құрылғыға қолжетімділік болмаған жағдайда, өтінімді халықты жұмыспен қамту орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы беруге болады.

Грантқа кімдер үміткер бола алады:

Жұмыссыз ретінде тіркелгендер

Тіркелгеніне 3 жыл толмаған жеке кәсіпкерлер

Сондай-ақ келесі әлеуметтік санатқа жатуы тиіс:

Мүгедектігі бар адамдар

Қандас мәртебесі бар азаматтар

Қоныс аударушылар

Аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар

Асыраушысынан айырылғандарға төлем алушылар

Үміткерде соңғы үш жылда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны жөнінде сертификат болуы шарт.

Грант қаражатын мына мақсаттарға жұмсауға болады:

Қажетті құрал-жабдықтар мен еңбек құралдарын алу

Технологиялық қондырғылар сатып алу

Мал, құс, көшет, тұқым, рассада алу

Жайды жалға алу ақысын төлеу

Төмендегі мақсаттарға грант берілмейді:

Тұтынушылық мақсаттар

Несие өтеу

Тұрғын үй сатып алу немесе салу

Жер телімін алу

Акциздік өнім өндіру

Гранттар арнайы комиссия шешімімен беріледі. Үміткерлер өз жобасын комиссия алдында таныстырады. Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

Идеяның өміршеңдігі мен бәсекеге қабілеттілігі

Нарықты зерттеу деңгейі

Қаржылық тиімділік

Кәсіпкерлік қабілет

Жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуеті

Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жолданады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар