Елімізде

Қазақстандықтар ең көп тұтынатын азық-түліктің бағасы қымбаттады

Қазақстанда картоп бағасының өсуі тіркелді

Қарашаның алғашқы екі аптасында өсім 2,2%, соңғы аптада 0,2% құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Eldala.kz-ке сілтеме жасап.

Ел бойынша орташа баға килограмына 188 теңгені құрайды. Бұл туралы үкіметте инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы 4-5 аптада баға 4,5%-ға өсті, бұл экспорт ашылғаннан кейін оның жандануына байланысты.

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне картоп қорын қамтамасыз ету мәселесін Сыртқы саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығаруды тапсырды.

Сонымен қатар, қарашаның екі аптасында тауық жұмыртқасы мен құс етінің 0,4%-ға шамалы қымбаттауы байқалады. Бұл негізінен жем мен импорттық компоненттер құнының өсуіне байланысты.

Айжан Бижанова күнбағыс майын өндірушілер құс фабрикаларына жем өндіру үшін арзандатылған майдың қажетті көлемін жеткізгенін хабарлады. Құнын тұрақтандыру үшін арзандатылған астық қажет.

Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына бағаның өсуін жеделдетпеу үшін құс фабрикаларын резервтерден жемдік астықпен қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде қолжетімді тауық етінің көлемін ұлғайтуды тапсырды. Қарақұмық бағасының өсуін ескере отырып (қарашаның екі аптасында +1,3%) Азық-түлік корпорациясына тікелей сатып алу арқылы тұрақтандыру қорларына қосымша өнім көлемін сатып алу тапсырылды.

Сондай-ақ, ол тауарлардың толық қадағалануын қамтамасыз етуді-артық делдалдарды алып тастауды, құжаттарды бақылау мен тексеруді күшейтуді тапсырды. Бұл нарықтың ашықтығын арттырып, шығындарды азайтады, бұл бағаларды қолжетімді ұстауға көмектеседі деп санайды үкіметте.

Қарашаның алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі 0,1%-ды құрады. Бағаның төмендеуі сәбізге (-1,7%), қырыққабатқа (-1,8%), пиязға (-0,4%) байқалды.