Елімізде
Қазақстанның бір қаласында жылыту маусымы басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қыркүйек, 2025
- 599
Бұл туралы "Павлодарэнерго" мен қала әкімдігі мәлімдеді
Павлодарда 10 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарға жылу берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдымен мектептер, балабақшалар және ауруханалар жылуға қосылды. Көпқабатты тұрғын үйлер кейінірек қосылады. Әкімдік өкілдері тұрғын үйлерді жылыту орташа тәуліктік ауа температурасы үш күн бойы +10 °C-тан төмен болған жағдайда басталатынын еске салды.
"Қазгидромет" мәліметінше, бүгінде Павлодарда күндіз +11...+13 °C, ал түнде 5–7 °C болады.
Өткен жылы жылыту маусымы 18 қыркүйекте басталған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Президент кезекті әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026
Елімізде
"Артығымен есептелген": Жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026





