Елімізде
Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 желтоқсан, 2025
- 400
Бұл шешім балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қабылданды.
Қостанай облысының Жангелдин және Амангелді аудандарында қатты желге байланысты мектептерде сабақ уақытша онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған аудандарда қауіпсіздік мақсатында бірінші ауысымда оқитын 1–11 сынып аралығындағы барлық оқушылар қашықтан білім алуда.
Сондай-ақ 15 желтоқсанда Астана қаласы мен Атырау облысының мектеп оқушылары да дистанциялық оқыту форматына көшірілгені белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 15 желтоқсан күні Қазақстанның 15 өңірінде және Астана қаласында дауылды ескерту жариялаған болатын.
Келесі мақала
Жуалылық балуан қыз ел біріншілігінде жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
"Артығымен есептелген": Жол саласында ауқымды бұзушылықтар анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






