Елімізде
Қазақстанның үш өңірінде халық саны азайып барады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қараша, 2025
- 203
Бұл ақпарат Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерінде көрсетілген.
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығында елімізде 249,3 мың бала дүниеге келіп, 97,7 мың адам қайтыс болды. Нәтижесінде Қазақстандағы табиғи өсім 151,6 мың адамды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы республика бойынша табиғи өсім оң көрсеткіште сақталып отыр. Алайда бірқатар өңірлерде халық санының кемуі байқалады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны 947 адамға, ал Шығыс Қазақстанда 343 адамға азайған.
Қостанай облысында халық саны жалпы өсім көрсеткенімен, ауылдық елді мекендерде тұрғындар саны 124 адамға төмендеген.






