Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"18 желтоқсанда Абай, Жетісу, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде", – делінген хабарламада.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру қажеттігін ескертті.
Республикалық автожолдардағы жағдай туралы тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Келесі мақала






