Елімізде

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


– 11 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.