жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-ның 9 өңірінде 31 ауыз су жобасы жүзеге асуда

БҚО-ның 9 өңірінде 31 ауыз су жобасы жүзеге асуда
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

БҚО-да ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су құбыры салынып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұзындығы 63,1 шақырым болатын магистральдық су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл жобаның іске асуы нәтижесінде бүгінде ауыз суға қол жеткізе алмай отырған Төлен және Сәуле ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Сонымен қатар Қарақамыс ауылындағы су сапасы жақсарады.

Нысанды пайдалануға беру осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 50%-ы аяқталды.

«Мемлекет басшысы еліміздің батыс өңіріндегі елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, министрлік 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымнан астам су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, еліміздің 9 өңірінде – Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар