жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бәсекелестік пен цифрлық теңге: Мәжіліс банктік заңнаманы жаңартуға кірісті

Бәсекелестік пен цифрлық теңге: Мәжіліс банктік заңнаманы жаңартуға кірісті
Мәжілістің баспасөз қызметі
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа редакциядағы заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева жетекшілік етті. Отырысқа Палата вице-спикері Дания Еспаева және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды. Оның айтуынша, бұл құжат 1995 жылы қабылданған ескірген заңның орнын басады. Жаңа редакция қазіргі заманғы талаптарға сай әзірленген және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Заң жобасының басты бағыттарының бірі – банк нарығындағы бәсекелестікті арттыру және оған қолжетімділікті жеңілдету. Сондай-ақ құжат инновацияларды қолдауды және қаржылық технологиялардың дамуын көздейді. Ұлттық реттеу жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру де заң жобасында маңызды орын алған. Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және мінез-құлықты қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Нормативтік-құқықтық базаны оңтайландыру мен жүйелеу де негізгі бағыттардың қатарына кіреді.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов таныстырды. Ол жоба үш негізгі бағытты қамтитынын атап өтті. Біріншісі – цифрлық теңгені енгізу. Екіншісі – цифрлық қаржылық активтердің инфрақұрылымын дамыту. Үшіншісі – төлем ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейту.

Жоба аясында 7 кодекс пен 35 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобалары бойынша жұмыс тиісті комитет төрайымы Татьяна Савельеваның жетекшілігімен Мәжілістегі жұмыс тобының отырыстарында жалғасатын болады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар