Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қалай қорғауға болады?
Қазіргі цифрлық ғасырда интернет балалардың өміріне терең енді. Олар онлайн оқиды, мультфильм көреді, ойын ойнайды, достарымен сөйлеседі. Бірақ осы мүмкіндіктермен қатар көрінбейтін қауіп-қатер де көбейіп келеді.
Зиянды контент, кибербуллинг, жалған ақпарат, белгісіз адамдардан келген хаттар, жеке деректердің таралуы – бала үшін өте қауіпті. Өкінішке қарай, көп ата-ана интернетті ойын-сауық құралы деп қана қабылдап, оның тасасында қандай қатер тұрғанын байқамайды.
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен саналы бақылау керек. Интернетке шектеу қою – тыйым салу емес. Баланың жас ерекшелігіне қарай экран алдында өткізетін уақытын қадағалау, түсінбеген контенттен қорғау – ата-ананың тікелей міндеті. Бүгінгі таңда бұл үшін арнайы құралдар жеткілікті: түрлі фильтрлер, SafeSearch, балаларға арналған платформалар. Бірақ мәселе тек техникалық қорғаныста емес.
Осы тақырыпта оқушының жай-күйін бақылаушы маман, психолог Марияна Құдайбергенқызы былай дейді:
Маманның айтуынша, бала интернетке кірместен бұрын үш негізгі қағиданы білуі тиіс:
1. Жеке ақпарат құпия – аты-жөнін, мекенжайын, мектеп атауын ешкімге бермеу.
2. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу – күмәнді хат, ойынға шақыру, танымайтын аккаунттар – бәрі қауіп белгісі.
3. Түсініксіз нәрсе болса, ата-анасына айту – баланың мұны айтуға ұялмауы немесе қорықпауы маңызды.
Марияна Құдайбергенқызы ата-аналарға тағы бір маңызды мәселені ескертеді:
Шын мәнінде, интернеттен қорғайтын ең күшті құрал – сенім мен байланыс. Бала егер қоғамда, үй ішінде өзін естіледі, қабылданады деп сезінсе, қауіпті жағдайды жасырып қалмайды. Ал бала қорықса, ұялса немесе ата-анасының реакциясын алдын ала білсе, мәселені айтуға батпайды. Интернеттегі қауіптің бәрін бір күнде жою мүмкін емес. Бірақ ата-ана мен бала арасындағы ашық диалог, дұрыс түсіндіру, жан-жақты бақылау және психологиялық қолдау – балаға қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыруға үлкен көмек болады.
Қауіпсіздік – тыйымның емес, түсінудің нәтижесі.
Түсінген, қолдау көрген, сенімге ие бала ғана интернетті дұрыс, пайдалы және қауіпсіз қолданады.