Елімізде

Бас прокуратура қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналарын қабылдайды

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді

Бас прокурордың айтуынша, қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің аналарының барлық өтініштері мұқият қаралады, ешбір уәж назардан тыс қалмайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен бірге прокуратура әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алу жағдайларын болдырмау шараларына, әскерге шақырудың заңдылығына және медициналық қорытындылардың негізділігіне құқықтық баға бермек.