Елімізде

Батыс Қазақстанда 100 шақырымнан астам су арнасы тазартылды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірде ұзындығы 100 шақырымнан астам каналды тазалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның жұмысы туралы есебін тыңдады.

Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан болатын.

Жұмыстарға арнайы техника тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі берген жерснарядтың көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылды.