Елімізде
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы мұз жару жұмыстары жүргізілді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 наурыз, 2026
- 61
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында бірқатар өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шаралар өзендердегі мұз кептелістерін болдырмауға бағытталған.
Облыс аумағындағы Орал қаласында, сондай-ақ Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Сырым және Тасқала аудандарында орналасқан Шаған, Деркөл, Жақсыбай және Өлеңті өзендерінде мұзды жару жұмыстары атқарылды. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар көктемгі қар еру кезеңінде судың еркін ағуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жарылыс жұмыстарының жалпы аумағы 23 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Бұл өз кезегінде өзендердегі мұз кептелісінің алдын алып, елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Таяу Шығыстан 2000-нан астам қазақстандық елге оралды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 наурыз, 2026
Елімізде
Алматыда есірткі плантациясын ұйымдастырған екі күдікті ұсталды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 наурыз, 2026






