Елімізде

Бектенов инвестициялық көрсеткіштер орындалмағаны үшін әкімдерге орынбасарларын жазалауды тапсырды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне инвестиция тарту жоспарын орындай алмаған орынбасарларына шара қолдануды міндеттеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Үкімет басшысының айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспары жыл басынан бері небәрі 52,7% орындалған, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі одан да төмен. Абай, Атырау және Ұлытау облыстарында айтарлықтай артта қалушылық байқалады.

Үкіметтің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 10,1 млрд долларды құраған. Өңдеу өнеркәсібі, қаржы секторы, көлік, байланыс және энергетика салаларына қаражат белсенді тартылуда. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана қаласы ТШИ бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізуде көш бастаса, оның қатарында Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бар.

Премьер министр жобаларды іске асыру барысын қатаң бақылауға алуды, бюрократиялық кедергілерді жоюды және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.