Елімізде

Бишімбаевтың сотына Ксения Собчак қатысып жатыр

Жоғарғы соттың тікелей эфирінде Ксения Собчак бой көрсетті

Астанада өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына Ресейдің танымал тележүргізушісі Ксения Собчак келді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Жоғарғы соттың тікелей эфирінде өтіп жатқан сотта Ксения Собчактың отырғанын байқауға болады. Собчак Ресей және ТМД елдеріндегі танымал журналист, қоғам белсендісі, блогер. Оның "Осторожно, Собчак" атты авторлық жобасы бар. Ол сотқа журналист ретінде қатысып отырғаны анықталды.