Блогер Mellstroy-ға халықаралық іздеу жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қараша, 2025
- 177
Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь азаматы, «Mellstroy» деген атпен танымал блогер Андрей Буримге (15.12.1988 ж.т.) халықаралық іздеу жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Бурим әлеуметтік желілерде қазақстандық пайдаланушыларды да нысанаға алған «Mellstroy.game» онлайн-казиносын заңсыз жарнамалап, ауқымды промо-науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Платформаны ілгерілету үшін ол түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер жариялағаны айтылады.
Бұған дейін блогер Ресейде тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал 2025 жылғы қарашада Минск қалалық соты оның барлық арналарын және логотиптерін экстремистік материалдар қатарına енгізген.






