жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Цифрлық штаб шешімімен Aitu, eGov және eOtinish сервистеріне нөлдік тарификация енгізіледі

Цифрлық штаб шешімімен Aitu, eGov және eOtinish сервистеріне нөлдік тарификация енгізіледі
Pixabay.com
Бұл шешім Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында қабылданды.

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап қазақстандықтар Aitu, eGov, eGov Business және eOtinish сияқты негізгі цифрлық сервистерді тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Үкімет енгізіп отырған жаңа жүйе азаматтарға мобильді шотында қаражат болмаса да мемлекеттік ресурстарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, халықты цифрлық қызметтерді жиі пайдалануға ынталандырады. Сонымен қатар, бұл – еліміздің digital by default («цифрлық әдепкі формат») қағидатына көшуіндегі маңызды кезеңдердің бірі.

Отырыста қабылданған тағы бір маңызды шешім – Smart Bridge платформасы арқылы коммерциялық IT-шешімдерді мемлекеттік қызметтермен интеграциялауға жол ашу. Мұндай қадам бизнес пен мемлекеттің өзара әрекеттестігін нығайтып қана қоймай, инновацияларды енгізу үдерісін де жеделдетеді. Бүгінгі таңда бұл платформа арқылы 14 мыңнан астам өтінім берілген.

Сонымен қатар, Qaztech платформасында ірі жобаларды іске асыру үшін IT-шешімдердің құны мен автоматтандырылған функциялардың саны бойынша қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұған дейін бір өнімнің құны 15 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс болса, мерзімі 6 аймен шектелген еді, ал функциялар саны небары үшеумен шектелген. Жаңа тәсіл бұл кедергілерді жояды және отандық цифрлық технологияларды кеңінен қолдануға жол ашады.

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің едәуір бөлігі жасанды интеллект арқылы толық цифрландырылмақ. Қазірдің өзінде 1 408 мемлекеттік қызметтің 368-і автоматтандырылған, 56 қызмет проактивті форматқа көшірілген. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін қызмет сапасы артып, халыққа ыңғайлы әрі жедел формат ұсынылады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар