дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 3:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы профилактикалық шараларды күшейтуде

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы профилактикалық шараларды күшейтуде
Pixabay.com
Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілді, бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундаусыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылды.

Қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілді, бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундаусыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылды. 

Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілді. 

Қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылшаның тіркелген жағдайларының саны 311-ге дейін төмендеді, бұл 106 жағдайға аз (-25,4%). 

Төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ. 

Жағдайлардың ең көп саны Астана қаласында тіркелді — 81 жағдай, Алматы қаласында — 48 жағдай, Алматы облысында — 57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында-29 жағдай, Атырау облысында — 57 жағдай және Қостанай облысында — 57 жағдай. Пациенттердің негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар құрайды. 

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 6-11 айлық 36,7 мың бала, жоспарлы вакцинациялаумен - 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылды. 

18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтырып иммундаумен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Министрлік ахуалға мониторинг жүргізуді және ден қою шараларын үйлестіруді жалғастыруда. Уақтылы вакцинациялау және азаматтардың профилактикаға жауапкершілікпен қарауы халықтың денсаулығын сақтаудың және қызылшаның одан әрі таралуының алдын алудың негізгі шарттары болып қала береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар