жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дипломдардың түпнұсқалығын тексеретін деректер базасы құрылды

Дипломдардың түпнұсқалығын тексеретін деректер базасы құрылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Қазіргі таңда интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен таралып жатыр.

Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік жоғары оқу орындары беретін дипломдардың бірыңғай талаптарына сәйкес келуі үшін олардың үлгісін, мазмұнын және серияларын бекіткен. Бүгінде әр диплом арнайы модуль арқылы бірегей нөмір мен QR-код генерациялау жолымен рәсімделеді. Бұл модульге кіру құқығы тек ресми түрде тіркелген университет қызметкерлеріне ғана беріледі.

Дипломдарды қалыптастыру «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» (ЖББП) ақпараттық жүйесінде сақталған білім алушылар туралы нақты деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер студент жайлы ақпарат базаға енгізілмесе, оған диплом нөмірі берілуі мүмкін емес. Осылайша кез келген өздігінен жасалған немесе QR-кодсыз құжат жарамсыз деп танылады.

Жалған диплом жасаумен күрес тек министрлік деңгейінде емес, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тарапынан да тұрақты бақылауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес, жалған құжаттарды дайындау немесе пайдалану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкелуі мүмкін.

Бүгінгі күннің өзінде 46 жалған диплом және оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталып, материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданған.

Сонымен қатар ЖОО-лар деректерді цифрландыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал жұмыс берушілерге дипломның түпнұсқалығын тексеру үшін epvo.kz сервисі қолжетімді. Сондай-ақ дипломның электронды нұсқасын «Цифрлық құжаттар» мобильді қосымшасынан да көруге болады.

Министрлік жалған дипломдарға қатысты кез келген әрекет заңмен қатаң жазаланатынын ескертті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар