жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Джеки Чан Маңғыстауда кино түсірмек

Джеки Чан Маңғыстауда кино түсірмек
Фото: Steph Chambers / Getty Images
Бозжыра шатқалы — Маңғыстаудың ең танымал табиғи нысаны, шетелдік туристерді еріксіз таңғалдырған жер. Мәселен, әзербайжандық әнші және кәсіпкер Emin бұл өңірді өз көзімен көргеннен кейін «мұндай көріністердің шынайы екеніне сену қиын, ертегідей әсер қалдырады» деп пікір білдірген. Сондай-ақ башқұрттың «Ay Yola» тобы түсірген «Yola» клипінің бірқатар кадрларында да Бозжыраның ерекше ландшафты пайдаланылған.

Осындай танымал локациялар енді ірі халықаралық киножобаның назарында, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыстық туризм басқармасының хабарлауынша, «Құдайдың сауыттары 4: Ultimatum» фильмінің түсірілім тобы Ақтауға келіп, өңірдегі табиғи нысандар мен қалалық локацияларды аралап, алдын ала зерттеу жұмыстарын бастап кеткен.

Өңірге келген кино мамандары Маңғыстау облысының әкімімен де кездесті. Кездесу барысында түсірілімге қажетті инфрақұрылым, ұйымдастыру процестері және аймақ тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.

Еске сала кетейік, 1986 жылы жарық көрген «Құдайдың сауыттары» франшизасы — Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал туындылардың бірі. Жобаның араға бірнеше онжылдық салып жалғасуы әлем жанкүйерлерінің қызығушылығын оятып отыр. Ал түсірілім орны ретінде Маңғыстаудың қарастырылуы — Қазақстан кино саласы үшін үлкен серпіліс.

Егер жоба ресми түрде мақұлданса, Маңғыстау алғаш рет Джеки Чан қатысатын ауқымды халықаралық экшн-фильмнің түсірілім алаңы ретінде тарихқа енуі мүмкін.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар