жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Джеки Чанның жаңа фильміне қазақстандық режиссер жетекшілік етеді

Джеки Чанның жаңа фильміне қазақстандық режиссер жетекшілік етеді
instagram.com/salem.entertainment
Бұл туралы Sаlem Entertainment медиакомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді

«Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады. Оның кандидатурасын Джеки Чанның өзі таңдаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Аңызға айналған Джеки Чан культ франшизасының жалғасын түсіру үшін дәл Роберт Кунды режиссер етіп таңдады!

Роберт есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі.

Ол Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox секілді ірі студиялармен жұмыс істеп, «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» және басқа да фильмдердің экшен-сахналарын қойған.

Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталады", – делінген хабарламада.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар