Елде қой етінің бағасы қымбаттады
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Қазақстанда ет бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 18%-ға өскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бір жыл ішінде қой еті ең қатты қымбаттаған — оның бағасы 24,5%-ға артқан.
Сонымен қатар, сиыр етінің құны шамамен 22%-ға, жылқы еті 15%-ға өскен. Шошқа еті 13,5%, ал құс еті шамамен 11% қымбаттаған.