жұма, 27 наурыз, 2026 0:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 160 тонна қымбат металл контрабандасы тоқтатылды

Елімізде 160 тонна қымбат металл контрабандасы тоқтатылды
Фото - ашық дереккөз
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі наурыз айында заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі таралуына қарсы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысында "синтетикалық есірткілерді" дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың ("Тұз қышқылы", "Ацетон", "Фениппентан") және 1000 кг "Бромкетон-4" затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар